Қазақстан президенті мен Түрікменстан халық мәслихатының төрағасы Turkistan визит орталығына барды

0
222

Қалашықтың 27 гектар аумағында археологиялық қазба жұмыстары аяқталған.


Қазақстан президенті мен Түрікменстан халық мәслихатының төрағасы Turkistan визит орталығына барды

Қазақстан президенті мен Түрікменстан халық мәслихатының төрағасы Turkistan визит орталығына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Меймандарға көне «Күлтөбе» қалашығының тарихи келбетін сақтау және абаттандыру жобасы туралы мәлімет берілді.


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов тарихи ескерткішті музейге айналдыру барысымен танысты. Қалашықтың 27 гектар аумағында археологиялық қазба жұмыстары аяқталған.


Сонымен қатар таяуда ашылатын «Қолөнершілер қалашығының» тұжырымдамасы таныстырылды. Оның ішінде шеберханалар, ұлттық тағам түрлерін ұсынатын орындар, шығыс базары және шағын қонақ үйлер орналаспақ.


Осы орайда биыл 25 наурызда Түркістанға World Craft Council халықаралық ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» деген мәртебе берілгенін атап өткен жөн.


Бұдан бөлек, визит орталықта Қазақстан Президенті мен Түрікменстанның Ұлт көшбасшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі бірегей тарихи жәдігерлермен танысты.

Бөлісу