Айта кететін жайт, бұған дейін жаңадан құрылған Келес ауданының Бірлік ауылында алғашқы үшем дүниеге келген болатын.
Келес ауданының Ұшқын ауылдық округіне қарасты Достық елді мекені тұрғыны Бақтыбаева Ұлжалғас Абдибекқызы, 2018 жылыдың 4 қазан күні, Айберік, Гүлсім және Байсерік есімді азамат, азаматшаларды дүниеге әкелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бақтыбаева Ұлжалғас Абдибекқызы №138 жалпы орта мектебіндегі шағын орталықта 2017 жылдан бері көмекші тәрбиеші болып жұмыс істеп келеді. Жұбайы Молдыбаев Дәуірхан Жұмабекұлы ауыл шаруашылық саласында диханшылықпен айналысады.
Ұлжалғас Абдибекқызының осыған дейін бес ұл-қызды өсіріп отқан болатын. Енді ол сегіз балалы батыр ана атанып отыр. Қазіргі таңда батыр ана мен нәрестелердің жай-күйі жақсы жағдайда. Айта кететін жайт, бұған дейін жаңадан құрылған Келес ауданының Бірлік ауылында алғашқы үшем дүниеге келген болатын.