​Келес ауданында «Алаштың айбары, сен - Тәуелсіздік» атты мерекелік шара өтті

0
2 291

Ауыл озаттарына мерекелік Алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.


​Келес ауданында «Алаштың айбары, сен -  Тәуелсіздік» атты мерекелік шара өтті

Түркістан облысы Келес ауданына қарасты Жүзімдік ауылдық окруінде Тәуелсіздік мерекесіне орай салтанатты кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Келес ауданы Жүзімдік ауылындағы Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің думан залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналған "Алаштың айбары сен Тәуелсіздік" атты мерекелік іс-шара болып өтті.

Салтанатты жиынға Келес ауданы әкімінің орынбасары А.Жаңбырбаев, ауыл әкімі О.Смайлов, ауыл тұрғындары мен мектеп мұғалімдері қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары А.Жаңбырбаев тәуелсіздік күнінің мәні мен маңызын айтып, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, ауыл әкімі О.Смайлов да жиында сөз алып, халықты мерекемен арнайы құттықтап, ауыл озаттарына мерекелік Алғыс хат пен сыйлықтар табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, атаулы мерекенің қарсаңында Жүзімдік ауылдық округіне қарасты «Нұрқадам» балабақшасында да "Тәуелсіз ел тірегім" атты тақырыпта мерекелік іс-шара ұйымдастырылған болатын.

Балабақша тәрбиешілері балаларға тарихи тағлымды сабақ өтіп, желтоқсан оқиғасын, Тәуелсіздік жайлы түсіндірілді. Мерекелік шараға жиналған қонақтар балалардың дайындаған концерттік бағдарламаларын тамашалап, керемет көңіл-күйге бөленген.