​Келес ауданының әкімі үшемдердің ата-анасын құттықтады

0
2 255

Аудан басшысы үшімдердің ата-анасына әкімдік тарапынан қандай-да бір көмек қажеттілігі туындаса қол ұшын беруге дайын екендігін жеткізді.


​Келес ауданының әкімі үшемдердің ата-анасын құттықтады

Келес ауданының әкімі А.Есбаев Ұшқын ауылдық округінде дүниеге келген үшемдердің ата-анасын құттықтап, сыйлықтар табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Келес ауданында туылған үшемдердің ата-анасына арнайы аудан басшысы А.Есбаев, аудандық мәслихат хатшысы А.Тотиков және аудан әкімінің орынбасары А.Сексенбаев барып, сыйлықтар тарту етті. Аудан әкімі дүниеге келген үшемдердің деніне саулық тілеп, халықтың қалаулы азамат, азаматшасы болып өсе берсін деген тілегін жеткізді, ата-анасына жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, әкімдік тарапынан қандай-да бір көмек қажеттілігі туындаса қол ұшын беруге дайын екендігін жеткізді.

Еске сала кетейік, Келес ауданының Ұшқын ауылдық округіне қарасты, Достық елдімекенінде үшемдер дүниеге келген болатын. 2018 жылдың қазан айының 4-жұлдызы күні Достық елді мекен тұрғыны Бақтыбаева Ұлжалғас Абдибекқызы Айберік, Гүлсім, Байсерік есімді ұл, қыздарды өмірге әкелген болатын.