​Кентауда өндіріс пен ауыл шаруашылығы қатар дамиды

0
1 089

Кентау халқының саны 200 000-ға жетіп, 721 мың гектар жер көлемі қосылды


​Кентауда өндіріс пен ауыл шаруашылығы қатар дамиды

Бұған дейін өндірісті қала болған Кентауда ендігі жерде ауыл шаруашылығы қоса дамитын болады. Бұл туралы БАҚ сұхбат берген қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев айтып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан қаласынан 12 ауылдық округ қосылған тұста халқының саны 200 000-ға жетіп, 721 мың гектар жер көлемі қосылды.

- Облыс әкімдігі мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасымен бірлесіп ауыл шауарышылығы саласы бойынша 62 жоба әзірленді. Оны Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырып, қорғау жұмыстары жүргізілді. 62 жоба ішінен дамытуға сай келетіні іріктелініп алынған соң, «ҚР Агро өнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде қаржылай қолдау жасалып, сол жобаларға қаражат беріледі. Облыс орталығы Түркістан қаласы дамиды, халқы көбейеді. Сонда біз облыс орталығы Түркістан қаласын ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ететін ауыл шаруашылық белдеуі боламыз, – деді Әбдібақыт Тілләбайұлы.