​Кентауда тағы бір IT-сынып ашылды

0
2 557

Бұл Кентауда ашылған екінші IT-сынып болып отыр.


​Кентауда тағы бір IT-сынып ашылды

Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде «Нұр Отан» партиясының бастамасы бойынша Кентау қаласындағы Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясында IT-сыныпты ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Іс-шара «Балаларға арналған тегін IT сыныптар» атты партиялық жобаның шеңберінде жүзеге асып отыр.

Мектеп гимназияның оқушылары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздерін қазіргі заманға сай жабдықталған кеңседе меңгере алады. Атап айтқанда, веб-сайтты әзірлеу, дизайн, анимация және 3D модельдеу бағдарламалары үйреніп шығады. Бұл өз кезегінде балалардың жеке қабілеттерін одан әрі дамытуға мүмкіндік бермек.

Іс-шараныңсалтанатты ашылу рәсіміне қатысқан қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев, «Нұр Отан» Кентау қалалық филиалының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков көпшілікті Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады және жүзеге асып отырған жобаның маңыздылығын атап өтті.

Ал, мектеп оқушылары мен ата-аналар игі іске ұйытқы болғанел ағаларына алғыстарын айтты.