ХХІ ғасырдың «Қыз Жібегі» Шымкентке келді

0
2 367

​ERNUR.KZ. 31 наурыз күні Түркістан сарайында Орталық Азиядағы тұңғыш мамандандырылған мюзикл театры - «Astana Musical» артистері «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклін ұсынады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


ХХІ ғасырдың «Қыз Жібегі» Шымкентке келді

ERNUR.KZ. 31 наурыз күні Түркістан сарайында Орталық Азиядағы тұңғыш мамандандырылған мюзикл театры - «Astana Musical» артистері «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклін ұсынады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қойылым қарсаңында театр әртістері, Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, драматург Сайлау Қамиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Айнұр Бермұхамбетова БАҚ өкілдері үшін баспасөз конференциясын өткізді.

«Қазақконцерт» ұйымының аталмыш театры «Қыз Жібек» қойылымын бұған дейін Астана мен Алматы қалаларында сахналаған.

Бұл жолы Шымкент қаласына арнайы ат басын бұрып, қала тұрғындарына рухани құндылыққа айналған халық әндері мен композиторларының шығармалары, ұлттық опера мен классикалық музыканың інжу-маржаны шоғырланған этно-фольклорлық мюзиклін ұсынады.

Басты рөлді сомдайтын Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының 4 курс студенті Инабат Ризабекова тілшілердің «Бұрынғы «Қыз Жібекпен» қазіргі «Қыз Жібектің» заман ағымына байланысты өзгерістері бар ма деген сауалдарына:

«Қазақтың мақтанышына айналып, сонау шет елдерді тамсандырған бұл қойылымда басты рөлді ойнайтыныма бақыттымын. Іріктеу кезеңінде бізге қойылар талап өте жоғары болды. Бірақ мен бойымдағы өнерімнің арқасында іріктеуден өттім»,- деді Инабат Ризабекова.

Айта кетейік, екі жыл бұрын «Достар серті» болып құрылған театрдың қазіргі атауы «Astana Musical». 60-тан әртісі бар театрдың репертуарында 5 музыкалық қойылым бар.