Отанында кісі өлтірген өзбекстандық жалған құжатпен Шымқаланың мейрамханасына шашлык пісіруші болып жұмысқа тұрғандығы анықталған. Шымкенттік полицейлер оны тауып, құрықтаған. Алайда, ұстап алған соң Өзбекстан Республикасына экстрадициялап жібереміз деп қорқытып, өзбекстандықтан 1000 АҚШ долларын талап еткен.
ERNUR.KZ. Отанында адам пышақтаған күдікті Шымқаланың біріндегі кафелерде шашлык пісіруші болып қызмет атқарған. Оны қолға түсірген шымкенттің полицейлері одан сыйақы талап еткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотында қызметін асыра пайдаланды деген айыппен үш полиция қызметкеріне қатысты сот процесі басталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында 30 жастағы өзбекстандықтың өз отандасын пышақтап қашып кеткені туралы Өзбекстан Республкасының ішкі істер органдарынан Қазақстан тарапына іздеу жариялау туралы хабарлама келіп түскені анықталған.
ҚР ІІМ өзбекстандық азаматқа халықаралық іздеу жариялаған болатын. Елдің барлық ІІД мен полиция бөлімдеріне ақпарат таратылған. Кейін шынында да Отанында кісі өлтірген өзбекстандық жалған құжатпен Шымқаланың мейрамханасына шашлык пісіруші болып жұмысқа тұрғандығы анықталған. Шымкенттік полицейлер оны тауып, құрықтаған. Алайда, ұстап алған соң Өзбекстан Республикасына экстрадициялап жібереміз деп қорқытып, өзбекстандықтан 1000 АҚШ долларын талап еткен. Дәл осы әрекеттері тәртіп сақшыларын прокуратура қызметкерлері құрықтаған.
Полицейлер өз кінәсін толық теріске шығарып отыр. Оларға ҚР ҚПК нің 366 бабы 4-ші бөлігімен, қызметін асыра пайдалану бабаы бойынша айып тағылуда. Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, қызметтік лауазымға ие болу құқығынан өмір бойға айыру жазасы кесілуі ықтимал.