Көкнәр өсірем деп үш жылға сотталды

0
2 027

Сотталушы өз үйінің ауласына 7200 түп көкнәр өсімдігін өсірген.


Көкнәр өсірем деп үш жылға сотталды

Түркістан облысы Келес ауданының тұрғыны есігінің алдына көп мөлшерде есірткі өсіргені үшін сотталып кетті. Ауласында 7200 түп көкнәр баптаған ол үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.тілшісі.

Түркістан облысы Келес аудандық сотында жергілікті тұрғын Ч.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушыға Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен айып тағылған. Сотталушы Ч. өткен жылдың қараша айында өз үйінің ауласына 0.15 гектар жерге көкнәр өсімдігінің тұқымын сепкен. Заңсыз екендігін біле тұра әуел бастан ақ өсiруге тыйым салынған, құрамында есiрткi заттар бар көкнәр өсiмдiктерін ірі мөлшерде егіп-өсіру мақсаты болған. Биыл көктемде аталған жерде өзі сепкен көкнәр ұрықтарынан өсіп шыққанын көрген ол ірі мөлшердегі 7200 түп көкнәр өсімдіктерін баптап, күтім жасап өсірген.


"Сот үкімімен сотталушы Ч. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігінің 3-тармағында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.Үкім заңды күшіне енген",-деп хабарлайды Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.