Конституция күні қарсаңында Леңгір қаласында спорт кешені ашылды

0
2 160

Мұнда, бір уақытта түрлі спорттық секцияларда 250-ге жуық адам спортпен шұғылдана алады.


Конституция күні қарсаңында Леңгір қаласында спорт кешені ашылды

Конституция күні қарсаңында Төлеби ауданы Леңгір қаласында спорт кешені ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнда, бір уақытта түрлі спорттық секцияларда 250-ге жуық адам спортпен шұғылдана алады.

Бұл спорт кешені Қуашевтар әулетінің тапсырысы бойынша бір жылда салынып шықты. Құрылыс жұмыстарына 150 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Спорт кешенінде күрестің түр-түрімен айналысуға барлық жағдай жасалған. Кешенде бокстан, күрестен және ауыр атлетикадан жаттығулар жасауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, үстел теннисі және кіші футбол алаңы да бар.

Спорт кешенінің ашылу салтанатына аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Құрбаналиев, Леңгір қаласының әкімі Болат Әділбеков, "Ордабасы" ФК Президенті Нуржан Катаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, тарихшы-өлкетанушы Әсет Кембаев, аудандық Қоғамдық Кеңестің төрағасы Кенже Жолымбек қатысты.