Көршісі мен екі жастағы сәбиге оқ атқан күдікті ұсталды

0
1 322

Оқиға салдарынан 1994 жылы туған ер адам мен екі жастағы бала жарақаттанған


Көршісі мен екі жастағы сәбиге оқ атқан күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Түлкібас ауданының Жаскешу ауылында 26 жастағы жергілікті тұрғын «Оса» травматикалық қаруынан көршілеріне оқ атқан, деп жазады 24.kz.

Оқиға салдарынан 1994 жылы туған ер адам мен екі жастағы бала жарақаттанған. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылып, оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Күдікті мен зардап шеккен жігіттің арасында бір-біріне деген дұшпандық қарым-қатынас болған. 1 қазан күні екі жігіт те жеке көліктерімен кетіп бара жатып, жолда кездесіп қалған. Сол бойда бір-бірін балағаттай жөнелген.

Айыпталушы көлігінен «Оса» травматикалық тапаншасын алып шыққан. Оны көрген қарсыласы үйіне қашып барып тығылған. Алайда күдікті оның үйіне келіп, оған және үйдегілеріне оқ атқан. Қазіргі уақытта күдікті қолға түсті.