Құрылыс саласында ауқымды істер атқарылып жатыр

0
985

Түркістан облысы, Арыс қаласы құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд. 67 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 95,8 пайызға жеткен.


Құрылыс саласында ауқымды істер атқарылып жатыр

фото: facebook.com

Түркістан облысы, Арыс қаласы құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд. 67 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 95,8 пайызға жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арыс қаласына қарасты Дермене ауылдық округі Саналы және Қызылкөпір елді мекендеріндегі 150 және 200 орындық 2 орта мектептердің құрылыс жұмыстары бекітілген өндірістік кестеге сәйкес жүргізіліп, нысандардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Тұрғындарды пәтермен қамтамасыз ету мақсатында қаланың «Көктем-2» тұрғын ауданында 36 пәтерлік 3 тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, нысандар мемлекеттік пайдалануға қабылданды.
Аталған №1, 2, 3 тұрғын үйлер аумағын абаттандыру құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып мемлекетті қабылдау актісімен қабылданды.
Аталған тұрғын ауданынан тағыда 3 қабатты 36 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Нысандар 2019 жылға өтпелі.
Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен: Монтайтас, Жиделі, Дермене ауыл әкімдіктері ғимараттарының құрылысы жүргізілуде, нысандар 2019 жылға өтпелі.
Монтайтас, Байырқұм ауылдарында мал өлекселерін тастайтын Беккари шұңқырларының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып мемлекетті қабылдау актісімен қабылданды.
«Нұрлы Жер» тұрғын үй бағдарламасын жаңдандыру мақсатында қалада 60 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге, қажетті қаржыға сұраныс берілді.
Қазір таңда 8 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Наурыз» және «Отырар» тұрғын аудандарында 600 орындық мектеп құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға жергілікті бюджеттен 11 млн. тенге қаржы бөлініп, мемлекеттік сараптама қорытындылары алынды.
2 млрд. 35 млн. теңгеге 31972 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй іске қосылды. 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 124 пайызды құрады
Жалпы 48 нысанға сәулет-жоспарлау тапсырмасы жасалған.
20 заңсыз құрылыс анықталып, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына шара көру үшін жолданды.