«Леңгір қаласы тұрғындарының назарына!» айдарымен «Төлеби автобус паркі» ЖШС-і 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қалаішілік автобустар қозғалысын жандандыратынын осыған дейін хабарлаған болатынбыз.
Бүгін таңғы сағат 7:30-дан бастап сапқа тұрған 8 автобус «Райхан
аялдамасы-қала іші-жаңа емхана-мөлтекаудандар» бағыты бойынша
жолаушы тасымалына кірісіп кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Әрбір автобустардың арасындағы
уақыт ұзақтығы небәрі 7-8 минутты құрайды. Ала таңнан кешкі сегізге
дейін мектеп оқушылары мен жолаушыларды тасымалдайтын
автобустарға, жол-көлік қозғалысына қолайлы жағдай тудыру үшін
жолаушылардың қоғамдық көлікті арнайы орнатылған аялдамаларда
күтуін сұранамыз.
Жол жүру құны ересектер үшін - 40 теңге, мектеп оқушылары үшін - 30
теңге.
Айта кетейік, 2018 жылы 7 тамызда қалашілік бағытта жолаушылар
мен багажды тұрақты тасымалдау құқығына конкурс жарияланып,
конкурстық комиссияның шешімімен «Төлеби автобус паркі» ЖШС-і
жеңімпаз болып анықталды.
Құрметті қала тұрғындары мен ата-аналар! Автобус қатынасының
іркіліссіз, сапалы жүруі тек қана Сіздердің қолдарыңызда. Осындай
игілікті шаралардың Сіздер және жас ұрпақ үшін жасалынып
жатқанына түсіністікпен қарап, аудан әкімі Б.Омарбеков, «Төлеби
автобус паркі» ЖШС директоры Ж.Жылқыбаев тарапынан көрсетіліп
отырған осындай мүмкіндіктер мен жеңілдіктерге қолдау
білдірулеріңізді, қоғамдық көлікті пайдалануларыңызды сұранамыз.