Мақтааралда "Нұр Отанның" конференциясы өтті

0
2 332

Кез келген ауданның, аймақтың, тіпті тұтас мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын көтеретін – ол кәсіпкерлік, оның ішінде өнеркәсіп саласы. Бұл ретте іріленген Мақтаарал ауданының индустриалды аймағы – бізге мұра боп қалып отыр.


Мақтааралда

«Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, «Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының ХХХІІ конференциясына қатысты, деп хабарлайды ERNBUR.KZ аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең алдымен Н.Жолдасов жаңадан құрылған ауданының экономикалық ахуалымен танысу үшін «Мақтаарал» индустриалды аймағындағы «Береке-ММА» мақта өңдеу зауытына барды. Индустриалды аймақтағы іске асып жатқан өндіріс орындарымен таныстырған аудан әкімі Бақыт Асанов өңірге инвестиция тарту үшін көптеген жобалар жасалып жатқандығын атап өтті.

«Кез келген ауданның, аймақтың, тіпті тұтас мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын көтеретін – ол кәсіпкерлік, оның ішінде өнеркәсіп саласы. Бұл ретте іріленген Мақтаарал ауданының индустриалды аймағы – бізге мұра боп қалып отыр. Ағымдағы жылы Мақтаарал ауданының индустриалды аймағында 1 жоба, келесі жылы 2 жоба, арғы жылы тағы 1 жоба іске асырылып, 200-ден астам адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылатын болады. Атап айтқанда, Мақтаарал ауданында асфальт-бетон зауыты, полиэтилен өнімдерінің және медициналық мақта өнімдерінің өндірісі, сондай-ақ темірді қайта өңдеу өндірісі іске аспақшы. Облыс бойынша мақта шикізатының 70 пайыздан астамы Мақтаарал және Жетісай аудандарына тиесілі болғанымен, өңірде шикізатты әрі қарай дайын өнімге айналдыратын кәсіпорындар жоқтың қасы. Бұл ретті біздің индустриалды аймақта тоқыма кластеріне, сондай-ақ мақтадан дайын өнім жасайтын басқа да жобаларды қолға алатын боламыз» - деді аудан әкімі Бақыт Нәсірханұлы.

Индустриалды аймақта құрылысы аяқталған "Soldatos" ЖШС-ның асфальт-бетон зауытының ресми ашылуы ауданның 90 жылдығын тойлау барысында өтеді. Жоба бойынша 50-ге жуық адам жұмыспен қамтылып, сағатына 300 тонна асфальт-бетон өнімдері өндірілетін болады.

Индустриалды аймақта жүзеге асып жатқан жобалармен толық танысқан Н.Жолдасов атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, аудан орталығы Мырзакент кентіндегі «Ақ алтын» мәдениет үйінде өткен «Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының ХХХІІ конференциясына қатысты.

Жиында сөз алған Нұрмахан Жолдасов күн тәртібіндегі бірінші мәселе - партияның аудандық филиалының төрағасын сайлау бойынша сөз сөйлеп, филиал төрағалығына Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың кандидатурасын сайлауды ұсынды. Осылайша делегаттардың бірауыздан қолдауымен «Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағалығына аудан әкімі Асанов Бақыт Нәсірханұлы сайланды.

Жиын барысында сөз алған аудан басшысы өзіне жүктелген зор жауапкершілік пен сенімді ақтайтынын жеткізді.

«Маған білдірген үлкен сенімдеріңізге рахмет. Бұған дейін дамудан шет қалған Мырзакент пен Атакентті, жаңадан құрылған Мақтааралдың барлық округтерін дамытуға күш салатын боламын!»,- деді Бақыт Нәсірханұлы