Мақтааралда «рухани келісім» күніне арналған жиын өтті

0
1 734

Мәжілістің күн тәртібінде аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі басшысының орынбасары П.Есенбековтің «Рухани келісім» күніне арналған хабарламасы тыңдалды. Сондай-ақ, аудандық діни бірлестіктердің жетекшілері «Рухани келісім» күніне арналған баяндамалар жасады.


 Мақтааралда «рухани келісім» күніне арналған жиын өтті

Мақтаарал ауданында 18 қазан – «Рухани келісім» күніне арналған діни бірлестіктердің жетекшілерімен кездесу жиыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Саттаров, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ә.Тұрсынханов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров және діни бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Жиынды жүргізген аппарат басшысы Н.Саттаров: «Халықаралық Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылғы 18 қазанда өткізілді. Содан бері бұл күн — Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі. Ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін осы күн — қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан да бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесі ретінде атап өтіледі. Тұтастай алсақ, діни ахуал тұрақты. Ауданда діни негіздегі жанжалдар және діни экстремизм мен конфессияаралық алауыздықты жағу деректері тіркелмеген. Қазір ауданда 27 діни бірлестік бар. Олардың жетекшілері Елбасымыз бен Үкіметтің саясатына, жергілікті атқарушы органдардың бастамаларына оң көзбен қарайды» - деді.

Мәжілістің күн тәртібінде аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі басшысының орынбасары П.Есенбековтің «Рухани келісім» күніне арналған хабарламасы тыңдалды. Сондай-ақ, аудандық діни бірлестіктердің жетекшілері «Рухани келісім» күніне арналған баяндамалар жасады.


Жиын соңында мерекеге арналған аудан әкімінің сый-сияпаты табысталып, діни бірлестіктердің жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.