Құдай қосқан көршісін қорқытып бопсалауды ұйымдастырған мақтаралдық 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Сотталушы Əбдірасыл Палымбетов адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, көршісінен ақша жымқыруды жоспарлаған. "Спар" лақапатты тұлғамен жəне бірнеше таныстарын зымиян ойын іске асыруға жұмылдырған. Олар Палымбетовтың көршісіне телефон соғып "Өзіңді жəне бала-шағаңды, тіпті үйіңді өртеп жібереміз. Бізге 60 мың АҚШ долларын бер" деп қоқан лоққы жасаған. Шошып кеткен жəбірленуші бірден бұрын сотты болған көршісі Əбдірасыл Палымбетовтен көмек сұрап, кеңеседі. Арампиғылды көршісі үркіп қалған жəбірленушіні одан бетер қорқытып "Бұлар шынында қауіпті адамдар. Түбіңе жетпей тынбайды. Ақшаны төлеп құтыл" деп зəресін алады. Қылмыс əлемінен хабары бар көршісінің сөзіне имандай сенген жəбірленуші өзінің жəне отбасының амандығын ойлап алдымен Мырзакентте "Смадияр Ата" базары маңында белгісіз біреуге 2 млн бір жүз мың теңгені апарып берген.
Арада бірнеше күн өткен соң жəбірленуші бопсалаушыларға Жетісай қаласына келіптағы да екі млн тоғыз жүз мың теңге берген. Жанұясының бас амандығы мен шаңырағының тыныштығын ойлаған жəбірленуші арада жиырма күн өткенде бопсалаушылармен тағы да Шымкент қаласында кездеседі. Бұл жолы бейтаныс азаматқа бір млн бес жүз мың теңгені санап берген. Бопсалаушылармен кездесіп, ақшаны апарып берген кездері жəбəірленушінің жанында
ылғи арампиғылды көршісі сотталушы Ə.Палымбетов болған. Тек соңғы рет Шымкент қаласында ақша беру кезінде бопсалаушылардың бірі Палымбетовпен бірге түрмеде отырғанын айтып қалады. Содан кейін ғана жəбірленуші бұрын сотты болған көршісінен күмəндана бастаған.
Алайда, сот тергеуі кезінде сотталушы Əбдірасыл Палымбетов өз кінəсін мойындамайды. Тіпті "Спар" есімдіні де, басқа да бопсалаушылардың бірін танымайтындығын айтқан. Бірақ сот процесі кезінде куəгеррлердің мəлімдемесі мен басқа да сот тергеу материалдары негізінде сотталушы Ə.Палымбетовтың кінəсі толық дəлелденген. Сөйтіп, көршісін қорқытып, бопсалатқан сотталушы ҚР ҚК нің 194 бабы, 3-ші бөлігі, 2-ші тармағымен кінəлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығын айыру жазасын қылмыстық- атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін боп сот үкімі оқылды.