Мектептерде ТЖ орын алған кезіндегі іс-әрекеттер көрсетілді

0
2 149

Оқушылар өрт-тактикалық жаттығуларына қатысты.


Мектептерде ТЖ орын алған кезіндегі іс-әрекеттер көрсетілді

2018-2019 жылдардағы қысқы кезеңді қауіпсіз өткізу жөніндегі іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру мақсатында 1-4 желтоқсан күндері Түркістан облысы, Кентау қаласының білім беру бөліміне қарасты, №2, №4 және №12 мектептерінде Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі мамандары мұғалімдер мен оқушыларға төтенше жағдай кезінде қорғану тәсілдерін көрсетті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Кентау қаласының Төтенше жағдай бөлімі қызметкерлерімен бірге үш мектептің мұғалімдері және 1000-ға жуық оқушы өрт-тактикалық жаттығуларына қатысты.

Кентау қаласының ТЖ бөлімінің аға инженері Ф. Джолдасов оқушыларға «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидалары», «Төтенше жағдайлар орын алған кездегі іс-әрекеттер», «Адамдар жаппай жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігі қағидалары» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сақтық шаралары туралы жадынамалар таратылды.

Оқушылар өрт оқиғасы орын алған кезде қалай эвакуация жасауды, қауіпсіз орынға шығу тәсілдерін, құтқару, барлау және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді үйренді.