Мемлекет басшысы ТМҰ-ны әскери альянс ретінде сипаттаушыларға жауап берді

0
67

«Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес»


Мемлекет басшысы ТМҰ-ны әскери альянс ретінде сипаттаушыларға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ны әскери альянс ретінде сипаттаушыларға жауап берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Ең бастысы, жаңа форматтағы жұмыс Ұйымның мақсат-міндеттеріне сай болып, оған кері әсерін тигізбеуі керек.

Мысалы, соңғы кезде Ұйымымызды әскери альянс ретінде сипаттайтын ой-пікірлер айтылып жүр.

Олардың теріс пейілі бізге анық, мақсаттары – елдестіру емес екені де белгілі. Қазақстан ондай ұстанымды жоққа шығару керек деп санайды.

Біз үшін түркі әлемінің бірлігін нығайту аса маңызды, кезек күттірмейтін басымдық.

Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес, әскери ұйым да емес. Бұл – бауырлас елдердің сауда-экономикалық, жоғары технологиялық, цифрлық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайтатын бірегей алаң.

Мұндай ұстаным еліміз үшін – маңызды басымдық, себебі, бұл ұлттық мүдде тұрғысынан да тиімді екені анық. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген аталы сөз – бәрімізге ортақ.

Түркі әлемі әрдайым тату болып, алға қойған мақсатынан ауытқымай, бірлесе дами беруі керек.

Сондықтан бүгінгі басқосу тамыры бір, тарихы ортақ елдеріміздің ауызбіршілігін арттыра түсері сөзсіз».

Іс-шара барысында Түркі мемлекеттері ұйымының қазіргі төрағасы, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев және бейресми саммиттің басқа да қатысушылары сөз сөйледі.

Бөлісу