10 қазан - Қазақстан кәсіподақтары күні.
Бірқатар қызметкерлер кәсіподақ марапатына ие болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2020 жылғы 8 қазан күні Шымкент қаласының әкімдігінде «Қазақстан кәсіподақтары күні» мерекесі қарсаңында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы Шымкент қаласы әкімі аппаратының және басқармаларының бірқатар қызметкерлерін, оның ішінде кәсіподақ қозғалысына белсенді үлес қосып жүрген салалық кәсіподақ мүшелерін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Құрмет Грамотасымен» марапаттады.
Атап айтқанда, Шымкент қаласының әкімі аппараты басшысының орынбасары Мыңбаев Рашид Мамытұлына, Шымкент қаласы әкімінің аппараты инспекторлық жұмыс, бақылау және салалық даму бөлімінің бас инспекторы Абдуллаева Күлзада Абдраманқызына, Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Татыбаев Ахмет Өтегенұлына, Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мулкеманов Рахымберді Жанысбекұлына, Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Төлепов Ғалымжан Ануарұлына «Құрмет Грамоталары» табысталды.