​Мүмкіндігі шектеулі жандарға қуаныш сыйлады

0
2 301

«Бəріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» тақырыбында қайырымдылық іс-шарасы өтті.


​Мүмкіндігі шектеулі жандарға қуаныш сыйлады

Шымкент қаласы «Сайрам» тұрғын алабындағы облыстық өзбек драма театрында «Бəріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» тақырыбында қайырымдылық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облыстық Қоғамдық келісім КММ-не сілтеме жасап.

Қайырымдылық шарасында «Шымкент құс» ЖШС бас директоры Айдар Досболов жəне «Байтерек агро» ЖШС директоры Тахирбек Нишанбаев сынды жомарт жандардың демеуімен 70-тен астам мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сый-сияпат жасалып, отбасыларына азық-түлік тарту етілді.

Мерекелік жиында арнайы дайындалған бейнеролик, облыстық өзбек драма театрының əртістері мүмкіндігі шектеулі жандармен бірлесе дайындаған концерттік бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жиында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрғасының орынбасары Мұратəлі Қалмұратов пен «Халыққа əлеуметтік қызмет көрсетудің қалалық аумақтық орталығы» мекемесінің басшысы Кеңесбек Букеев сөз сөйлеп, іс-шараның маңызына тоқталады.

Айта кету керек, игі бастамаларға жұртшылықты жұмылдыру арқылы қазақстандық бірегейлікті нығайтуды көздейтін іс-шараға Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Халыққа əлеуметтік қызмет көрсетудің қалалық аумақтық орталығы» мекемесі ұйытқы болды.