Тұңғыш Елбасы: «Түркі әлемінің бесігі – Түркістан қаласы қазір қайта өркендеуді бастан кешіруде».
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуіне қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған кездесу барысында мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды. Осы бағытта Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарында әр елдің студенттеріне 10 гранттан бөлуді ұсынды. Сонымен қатар, Орта Азия басшыларын қайта көркейіп келе жатқан Түркістанға шақырды.
«Түркі әлемінің бесігі – Түркістан қаласы қазір қайта өркендеуді бастан кешіруде. Десе де, ол өзінің мәдени, тарихи және рухани өзегін сақтайтыны сөзсіз. Өз кезегінде қала баршамыздың ортақмақтанышымызға айналатын керемет мегаполике айналмақ. Осыған орай, Орталық Азияның бауырлас мемлекеттерінің басшыларын келесі күзде осы көне қалаға шақырамын», – деді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті.
дереккөз: elbasy.kz