Өмірзақ Шөкеев бала-бақшаларда, қалалық ауруханада, аудандық полиция бөлімінде және тұрғын жайларда болды.
ERNUR.KZ. Түркістан облысының әкімі Арыстағы әлеуметтік нысандарды аралап шықты. Өмірзақ Шөкеев бала-бақшаларда, қалалық ауруханада, аудандық полиция бөлімінде және тұрғын жайларда болды, деп хабарлайды otyrar.kz.
Келтірілген шығын көлемі анықталу үстінде. Арыс қаласының тұрғындары эвакуациялануда. Ол үшін 105 автокөлік, 345 қызметкер, 75 арнайы техника, 51 қажетті құрылымдық қызмет күші тартылды.
Түркістан облысы және Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 201 қызметкер, 26 арнайы техника тартылған.