ОҚО әкімі ЮНЕСКО Бюросының директорымен кездесті

0
1 161

​Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев ЮНЕСКО Бюросының директоры Криста Пиккат, мәдениет жөніндегі маманы Айгүл Халафова және туризм жөніндегі сарапшы Бақыт Оразымбетовамен кездесті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ОҚО әкімі ЮНЕСКО Бюросының директорымен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев ЮНЕСКО Бюросының директоры Криста Пиккат, мәдениет жөніндегі маманы Айгүл Халафова және туризм жөніндегі сарапшы Бақыт Оразымбетовамен кездесті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқосуда тараптар екі жақты байланысты нығайта отырып, өңірдегі туризм саласын дамыту жайын ақылдасты.

Кездесуде аймақ басшысы қонақтарға облыстың экономикалық жағдайын таныстырып, туризм индустриясын дамыту мүмкіндіктерін баяндады.

«Өздеріңіз білетіндей Оңтүстік Қазақстан облысы ЮНЕСКО Бюросымен тығыз байналыс орнатқан. Оған өңіріміздегі ЮНЕСКО-ның тізіміне енген Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтары, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Сайрам-Өгем ұлттық паркін дәлел ретінде келтіруге болады. Бұл біздің аймақтың тарихи - мәдени ескерткіштерге бай екенін көрсетеді. Міне, осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, облыстағы туризм саласын дамытуды көздеп отырмыз. Сіздерді осы бағытта түрлі жобаларды бірігіп жүзеге асыруға шақырамын», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Сондай-ақ, облыс әкімі өңіріміздегі туризм саласында жұмыс істеп тұрған «Ontustik tourism center» туристік ақпараттық орталығы туралы да әңгіме өрбітті. 2015 жылы іске қосылған орталық ақысыз түрде туристік қызмет көрсетуге, тарихи-мәдени нысандар туралы ақпаратты қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін мекеме елімізден бөлек, шетелдік туристік компанияларды тарту жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар жиында облыста аталған саламен айналысатын арнайы басқарманың құрылғаны да сөз болды.

Өз кезегінде Криста Пиккат «Ұлы жібек жолының» бойында жатқан бұл өлкені Қазақстанның негізгі туристік ошағына айналдыруға болатынын қуаттады. Сондай-ақ, облыстағы зерттеуді қажет ететін тарихи орындардың құпиясын ашуға көмек көрсететіндіктерін айтты.

Жиын соңында облыс әкімі қонықтармен естелікке суретке түсіп, сый-сияпаттар жасады.