ОҚО-да 340 мың гектар аумақта қара шегіртке шоғыры анықталды

0
1 307

​ERNUR.KZ. Облыс көлемінде шегірткемен күрес жұмыстарының жай-күйі жөінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне облыстық аумақтық инспекция брифинг өткізді.


ОҚО-да 340 мың гектар аумақта қара шегіртке шоғыры анықталды

ERNUR.KZ. Облыс көлемінде шегірткемен күрес жұмыста­ры­ның жай-күйі жөінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне облыстық аумақтық инспекция брифинг өткізді.

Өңірімізде биыл 340 мың гектар аумақта шегіртке шоғырының бары анықталды. Облыстық аумақтық инспекция басшысы Нұржан Кашкенов айтуынша, ағымдағы жылы зиянкестердің бар-жоғын анықтау үшін 1 миллион гектар жерде зерттеу жұмыстары жүргізілген. Он бір аудан аумағында 340 959 гектар аумақта шегіртке шоғыры анықталып отыр. Енді облыстық аумақтық инспекция сол жерлерде залалсыздандыру жұмыстарын жүргізбек. Ол үшін арнайы штаб құрылып, нақты жұмыстар жүйеленді.

«Респубикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ ОҚО филиалынан 118 штаттық мамандар мен анықтаушы және 78 қызметтік автокөлік бөлінді. Аудан әкімдіктері тарапынан қосымша 277 анықтаушылар жұмылдырылып, 50 жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар су тасушы техника және пестицидтерді ерітуге қажетті 91 су көздері дайындалды. Одан бөлек, алдағы уақытта 500-ден астам адам жұмылдырылады. Зиянкестер мекендеген аумақтың 50 пайызы жерүсті агрегатымен өңделсе, 137 мың гектарға ұшақтарарқылы дәрі себіледі. Осындай әдістердің арқасында шегірткелердің қанаты қатаймай жатып, көзі жойылуы тиіс.
Ендігі кезекте зиянкестерден келер қауіптің алдын алу үшін 350 мың гектар аумақ залалсыздандырылады. 340 мың гектар жерге нақ осы зиянкес тұқымына қарсы дәрі себілсе, өзге аумақтарға азиялық және итальяндық зиянкестердің көзін жою үшін химиялық өңдеу жүргізілмек.

- «Қазір қажетті дәрі-дәрмек сатылып алынып қойды. Енді фитосанитарлық диагностика және болжамдар орталығының хабарламасын күтіп отырмыз. Егер сол орталық шегірткелердің жер бетіне шыққанын хабарласа, барлық мекемелердің басын қосып жұмыстарды бастаймыз»,-дейді облыстық аумақтақ инспекция басшысы.

Негізгі жұмыстар сәуір айының 10-нан бастап химиялық өңдеу жұмыстары жүріп, 25 күнге жалғаспақ.