ОҚО-да сарыағаштық әйелді пышақтап, қашып кеткен Өзбекстан азаматы ұсталды

0
1 099

ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері Сарыағаш ауданының тұрғынына шабуыл жасаған азаматты қолға түсірді. Оқиға өткен жылдың қараша айында орын алған.


ОҚО-да сарыағаштық әйелді пышақтап, қашып кеткен Өзбекстан азаматы ұсталды

фото: ашық дерекөзден

ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері Сарыағаш ауданының тұрғынына шабуыл жасаған азаматты қолға түсірді. Оқиға өткен жылдың қараша айында орын алған. Сарыағаш аудандық полиция бөліміне аудандық ауруханадан пышақ жарақатын алған жас қыздың медицина мекемесіне жеткізілгені туралы хабарлама келіп түседі. Аталған факт бойынша дереу іске кіріскен полицейлер жәбірленушінің жасы 20-25 шамасында екенін анықтады. Ол белгісіз азаматпен жанжал кезінде пышақ жарақатын алған. Қыз көмекке шақыра бастаған кезде күдікті жәбірленушінің ұялы телефонын өзімен бірге алып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Сарыағаш аудандық полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс шарасы барысында күдікті ретінде жасы 40-45 жаста азамат ұсталды. Ол Өзбекстан елінің азаматы болып табылады. Аталған жайт бойынша адам өлтіруге оқталу және қарақшылық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның мән жайын анықтау үстінде.