ОҚО-да тұрғыдардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жазғы курстар өтеді

0
1 404

Ордабасы ауданында тұрғыдардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша ағымдағы жылдың жаз айларында (маусым-тамыз) аудан көлемінде 800 адамды оқыту үшін арнайы курстар өткізу жоспарға қойылыпты. Курстар білім беру мекемелерінің информатика кабинеттерінде өткізіледі.


ОҚО-да тұрғыдардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жазғы курстар өтеді

ERNUR.KZ. Қазіргі заман талабына сай «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі қызметтерін әрбір қала, ауыл тұрғындары білуі тиіс. Ол үшін тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, сол арқылы электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет. Қазіргі таңда облыс көлемінде тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін кешенді шаралар қабылданған.

Қабылданған шаралар аясында Ордабасы ауданында тұрғыдардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша ағымдағы жылдың жаз айларында (маусым-тамыз) аудан көлемінде 800 адамды оқыту үшін арнайы курстар өткізу жоспарға қойылыпты. Курстар білім беру мекемелерінің информатика кабинеттерінде өткізіледі.

Аталған жоспар негізінде аудан көлеміндегі цифрлық сауаттылықты арттыруға жауапты информатика пәнінің мұғалімдерін оқыту және қажетті ақпараттарды таныстыру мақсатында алғышқы қадам жасалды. Атап айтқанда Ордабасы ауданы әкімі аппаратында ХҚКО мамандары және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» орталығының мамандары қатысып, E-GOV, OPEN-GOV және Е-коммерция дағдылары бойынша дәріс өткізілді.