Қолда бар мәліметтерге қарағанда, С.Сейітжанов бұл оқу орнын 3 миллиард 40 миллион теңгеге сатып алған. Бұл туралы мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында арнайы мағлұмат жарияланды.
Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электронды тендер арқылы саудаланған фармацевтикалық академияның бастапқы құны 2 миллиард 206 миллион 58 мың теңгені құраған екен. Сондай-ақ сатып алушыға аталмыш нысанды 10 жыл бойына өзінің негізгі бағытын сақтап тұру шарты міндеттелген, - деп хабарлайды zamana.kz.
Қолда бар мәліметтерге қарағанда, С.Сейітжанов бұл оқу орнын 3 миллиард 40 миллион теңгеге сатып алған. Бұл туралы мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында арнайы мағлұмат жарияланды.
Шымкент фармацевтика академиясының құрылтайшысы ауысар қарсаңында бұл оқу орнының басшылығында да өзгерістер орын алды. Ол жерде осыған дейін бірнеше жыл бойы ректор болып жұмыс істеп келген Бақытжан Дербісәліұлы Сексенбаев бұл қызметтен босатылып, орнына Мырзабек Мырзашұлы Рысбеков тағайындалды. М.Рысбеков 1958-жылы туылған. Медицина ғылымдарының докторы. Кезінде Мәскеуде КСРО медицина ғылым академиясында аға лаборант, ассистент, доцент, деканның орынбасары болған. Кейін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында – проректор, Денсаулық сақтау министрлігінде департамент директоры болып еңбек еткен.
Бұл оқу орнының ендігі иесі – есімі елге белгілі шымкенттік кәсіпкер, аты-жөні «Форбс» журналының тізіміне енген азамат Серікжан Сейітжанов. Кәсіпкер фармацевтика академиясын арнайы конкурс жарияланғаннан кейін араға ай салып, яғни 26-желтоқсанда сатып алған.