ОҚО Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы мешіттердің бірінде имамдық еткен азаматты құзырлы орындағылар теріс дінді уағыздап, тұрғындар арасында алауыздықты қоздырғаны үшін айып таққан, - деп хабарлайды 31.KZ.
ОҚО Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы мешіттердің бірінде имамдық еткен азаматты құзырлы орындағылар теріс дінді уағыздап, тұрғындар арасында алауыздықты қоздырғаны үшін айып таққан, -деп хабарлайды 31.KZ.
Имамды айыптаған іс бойынша қазір алғашқы отырыс қана өткен. Ол қылмыстық кодекстің 174-бабы 2-бөлігімен, яғни дiни алауыздықты қоздыру дерегімен жауапқа тартылуда.
– А.С. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс Сайрам аудандық сотының өндірісіне келіп түсті. Қылмыстық іс қазір қаралу барысында, - дейді Сайрам аудандық сотының кеңсе меңгерушісі САБЫР МЕЙРАМБАЕВ.
Діни экстремизге қатысты биылдың өзінде Сайрам ауданында үш азамат сотты болыпты. Бұл төртінші жағдай.
Егер имамның қылмысы дәлелін табатын болса, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.