ОҚО: Мақтарал ауданында ирригациялық жүйелерді жетілдіруге 8 млрд. қаржы қаралған

0
1 592

​ ​ Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданында ирригациялық жүйелерді жетілдіру қолға алынды​. Жобаның І кезеңіне сәйкес, жер көлемі 8 039 гектарды құрайтын Жаңажол, Еңбекші ауылдық округтерінде мамыр айынан бастап құрылыс жұмыстары басталмақ, -деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


ОҚО: Мақтарал ауданында ирригациялық жүйелерді жетілдіруге 8 млрд. қаржы қаралған

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданында ирригациялық жүйелерді жетілдіру қолға алынды. Жобаның І кезеңіне сәйкес, жер көлемі 8 039 гектарды құрайтын Жаңажол, Еңбекші ауылдық округтерінде мамыр айынан бастап құрылыс жұмыстары басталмақ, -деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сондай-ақ, жобаның ІІ кезеңі шілде айында басталып, Иіржар, Бірлік, Жамбыл ауылдық округтерінің 16 000 гектар жері, Мақтарал, А.Қалыбеков ауылдық округтерінің 19 000 гектардан астам жері қамтылмақ. Соның аясында аудандағы 460,4 шақырымды құрайтын 224 канал, 428,64 шақырымды құрайтын 208 су қашыртқысы, 149 тік дренажды ұңғымалар күрделі жөндеуден өтіп, қайтадан қалпына келтірілетін болады.


ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитеті аталған кезеңді орындау үшін 8 млрд. теңге қаржы бөлген. Қазіргі таңда мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Мақтарал ауданында 2692,3 шақырымды құрайтын 1 310 канал, 1 343 шақырымды құрайтын 456 су қашыртқысы және 711 тік дренажды ұңғымалар бар. Аталған нысандарды толық қалпына келтірудің арқасында жердің тұздануын төмендетіп, егін шаруашылығынан алатын өнімді еселеп арттыруға болады.