Өмірзақ ШӨКЕЕЕВ: Кентауды жасыл оазиске айналдыру керек

0
688

132 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтіп жатыр.


Өмірзақ ШӨКЕЕЕВ: Кентауды жасыл оазиске айналдыру керек

Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажановқа бірқатар тапсырмалар жүктеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Кентауды жасыл оазиске айналдыру керек. Көгалдандыруды күшейтіп, гүлбақтар мен көпшіліктің көңілінен шығатын демалыс орындарын көбейткен жөн», – деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласына жасаған жұмыс сапарында. Аймақ басшысы қаладағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажановқа бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Бүгінде 132 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын қабырғасы қаланған әр үйдің шатыры ауыстырылып, подьезд, жертөлесінің инженерлік жүйелері жаңартылып, қасбеті әрленуде. Сонымен қатар, қаладағы үй аулалары толық жөндеуден өтіп жатыр. Отандық өндірістегі балалар ойын алаңқайлары қойылып, жолаяқтар төселуде. Аулаларды жарықтандыру жұмыстары қолға алынған. Жалпы 246 үй күрделі жөндеуді қажет етеді. Сондай-ақ шаһардағы ірі базарлар меншік иесінің есебінен толық жаңартылатын болады.

Сапар барысында Өмірзақ Естайұлының төрағалық етуімен кеңес өтті. Онда Кентау қаласының әкімі шаһардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын назарға алып, оны дамыту және табиғат апатының алдын алу мақсатында қолға алу көзделген жаңа жобалармен таныстырды.