ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: Жоба қорғаушы жас мамандардың жобасын өңірде жүзеге асыруды қолдаймын

0
1 537

Жас мемлекеттік қызметкерлер Түркістан облысының дамуына үлес қосатын бірқатар жобаларды облыс басшысына ұсынды.


ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: Жоба қорғаушы жас мамандардың жобасын өңірде жүзеге асыруды қолдаймын

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында қайта даярлау курсын аяқтаған тыңдаушылардың Жобалары талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев, Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Алтаир Ахмет, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғаммен байланыс Департаментінің директоры Арман Бердалин қатысты.

Онда жас мемлекеттік қызметкерлер Түркістан облысының дамуына үлес қосатын 6 жобаның барысын баяндап берді.
I-Shatyr (intellect shatyr). Яссауи кесенесі маңайына ыстық ауа райынан, күн сәулесінен қорғайтын жасанды көлеңке - тенттер орнату. Бұл Меккеде ғана жүзеге асырылған жоба.
«Jan uia» әлеуметтік отбасылық ауылы». Қарттар үйі мен балалар үйін біріктіріп, жылуға зәру екі жақты мейірімге бөлеу. Жоба Жапонияда жүзеге асырылып келеді.
«EKO-Jai». Бәйдібек ауданында туризмді дамыту мақсатында экологиялық, арзан демалыс үйлерін салу.
«Көп балалы отбасыларға жәрдем ақыны алуды оңтайландыру». E-GOV жүйесіне жәрдемақы алу жеңілдету үшін көпбалалы аналарға арналған қосымша функция ашу.
«Таза сана, таза қала». Кентау қаласында қоқыс шығару жүйесін автоматтандырып, цифрландыру бойынша арнайы бағдарлама енгізіп, жұмыс тиімділігі мен есептілігін қамтамасыз ету, халықты тазалыққа баулу.
«EthnoVillage» ұлттық-мәдени орталығы. Туристерді тарту үшін Яссауи кесенесі маңайына арнайы этноауыл жасау.

Жоба қорғаған әр тыңдаушылар өз еңбектерін арнайы файлдарға салып құрметті қонақтарға ұсынды. Әрі қарай Жобаларын слайд арқылы көрсетіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптарын берді.

Ұсынылған Жобалардың ерекшелігі – басым бөлігінің әлеуметтік бағытта болуы, яғни бұл жобалар жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімі ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ жас мамандардың жобасына оң бағасын беріп, өңірде жүзеге асырылуына қолдау білдіретінін жеткізді.

Айта кетейік, талқыланған жобалардың ішінен бірқатары мақұлданып, іс жүзінде оларды әрі қарай жүзеге асыру ұсынылды.