«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: Сауран ауданының мәдени күндері басталды

0
462

Сауранның дархан халқы түркістандықтар мен қала қонақтарына ұлттық тағамнан дәм ұсынып, нағыз қазақы қонақжайлық көрсетті.


«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: Сауран ауданының мәдени күндері басталды

Бүгін «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Сауран ауданының Түркістан қаласындағы мәдени күндері басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Іс-шара Этноауыл аумағында аудан қолөнершілерінің көрмелері, ұлттық ойын-сауық және салт-дәстүр, әдет-ғұрып көріністерімен басталды. Атап айтқанда, «Кемпір салты», «кәрі жілік», «есек жем» «тас қорық», «бәдік айтыс», «туған жерге аунату», «қыз төркіндеу» көріністері жұртшылық назарына ұсынылды.


Сауранның дархан халқы түркістандықтар мен қала қонақтарына ұлттық тағамнан дәм ұсынып, нағыз қазақы қонақжайлық көрсетті. Ал мерекелік кештің көрігін саурандық өнерпаздардың алтыбақан түбіндегі көріністері мен «Дала рухы» ансамблі қыздыра түсті.


Айта кетейік, шара ертең де жалғасын табады. 29 тамыз күні Этноауыл аумағында ұлттық спортты ұлықтау мақсатында бірнеше спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылады. Ал кешкі сағат 19:00-де «Керуен Сарай» кешенінде Сауран ауданы өнерпаздарының және «Алдараспан» театрының әртісі Нұржан Төлендиев және эстрада жұлдыздары Нұржан Қалжан, Бақытжан Мұстафаев, Данияр Барыстың қатысуымен Гала-концерт өтеді.