«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: Түркістанға Бәйдібек ауданының мәдени-рухани көші келді

0
198

Рухани астана аспанында әуелеткен әнімен, күмбірлеген күйі, мың бұралған биімен, ұлттық дәстүрдің сан түрінен өнер көрігін қыздырды.


«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: Түркістанға Бәйдібек ауданының мәдени-рухани көші келді

Түркістан қаласында Бәйдібек ауданының мәдениет күндері өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық фестивалі аясында Бәйдібек ауданының мәдениет күндері өтті. Рухани астана аспанында әуелеткен әнімен, күмбірлеген күйі, мың бұралған биімен, ұлттық дәстүрдің сан түрінен өнер көрігін қыздырды.


Этноауыл аумағында «Ұлттық қолөнер – ұлы мұра» атты аудан қолөнершілерінің көрмесі мен суретшілердің, «Тарихым бар жазылған ғасырлардан» атты кітап көрмесі жасақталды.


Мерекелік жәрмеңкелер мен көше театры көріністері көпшілік назарына ұсынылды. Киіз үйлерде ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып көріністері сахналанды. Әрі қарай «Саз отау» ұлт аспаптар оркестрі және аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.


Айта кетейік, екі күнге жоспарланған мәдени іс-шара 31 тамыз күні де жалғасты. Сағат 11:00-16:00 аралығында Этноауылда ұлттық ойындардан (қазақша күрес, қол күрес,асық ойындары, гір тасын көтеру, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу, арқан тартыс сынды т.б.) сайыстар өтті. Ал кешкі сағат 19:00-де «Керуен сарай» кешенінде Бәйдібек ауданының өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтті.