«Оңтайлы орта» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізілді

0
1 949

Кентауда өткен дөңгелек үстел барысында дауды шешудің балама жолдарын дамыту, заңның әділетсіз нормаларын анықтау және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды.


«Оңтайлы орта» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізілді

Түркістан облысы, Кентау қаласының «Жастар» орталығында азаматтардың құқықтық дағдыларын дамыту, азаматтық іс жүргізуде білікті заң көмегін көрсету жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында «Оңтайлы орта» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Оңтайлы орта» жобасы аясында өткен дөңгелек үстелге Кентау қалалық сотының төрағасы Е.Т. Сералиев, осы соттың судьясы А.С. Дәуренбеков, Кентау қалалық полиция бөлімінің өкілі, адвокаттар, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, ауыл әкімдері қатысты.

Кентау қалалық сотының төрағасы Е.Т. Сералиев өз баяндамасында, сот жүйесін дамытуға бағытталған «Сот жүйесінің 7 түйіні» жобасы туралы айтып, оның ішінде «Оңтайлы орта» бағдарламасы халықтың нақты қажеттіліктерінің қанағаттандыру үшін қоғам мен соттар арасындағы тиімді қарым қатынас екендігіне тоқталып өтті.

Бұл іс-шара барысында азаматтық іс жүргізуде білікті заң көмегін көрсету жүйесінің тиімділігін арттыру, соның ішінде соттан тыс келісім тәртібін арттыру, ауыл билерінің ауыл аймақтағы туындаған дауларды шешу рөлін, заңның әділетсіз нормаларын анықтау мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өткізіліп отырған шараның өзектілігін және «Оңтайлы орта» жобасының туындаған мәселелерді шешуге ықпалы зор екенін айтты.