Оңтүстік ақындары елді шулатқан заңға қарсы үндеу жасады (видео)

0
3 491

"Біз өз отбасымызға өзіміз еге болғымыз келеді!".


Оңтүстік ақындары елді шулатқан заңға қарсы үндеу жасады (видео)

Оңтүстік Қазақстан өңірінің айтыскер ақындары бала құқығы туралы заң жобасына қарсылығын білдірді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елімізге танымал ақын Біржан Байтуов бастаған бір топ айтыскерлер бала құқығын қорғау туралы жаңа заң жобасына қарсы үндеу жасады. Аталған заң жобасы жайлы бейне үндеуде "ғасырлар бойы қалыптасқан менталитетімізге, әдеп-ғұрпымызға, отбасылық құндылықтарымызға күйрете соққы беруді көздейтін, қазақы болмысымызды батыстың батпағына тұншықтыратын заңға қарсымыз. Бұл заң түбегейлі қабылданып кетпеуі үшін барша қазақты үн қосуға шақырамыз" - делінген. Сонымен қатар, ол заң жобасының отбасыға тигізетін зардаптарын жіктеп жеткізген. Ал, сөз соңында семсер тілді ақындар "біз өз отбасымызға өзіміз еге болғымыз келеді!" дейді.

Айта кетейік, қазір бұл үндеу әлеуметтік желіге тарап жатыр. Ал, Біржан Байтуовтың Facebook желісіндегі жеке парақшасына жарияланған бейнематериалды 900-ге жуық адам бөлісіп, 20 мыңға жуық қаралым жинаған. Пікір білдірушілер арасында бұл үндеуді қолдайтындардың қарасы қалың.