Оңтүстікте IT саласын мүмкіндігі шектеулі жандар меңгеріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ERNUR.KZ.Оңтүстікте IT саласын мүмкіндігі шектеулі жандар меңгеріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Оңтүстікте IT мамандарының қатары анағұрлым артады. Себебі бұл үшін тегін мектептер ашылып, жаңа технологияны меңгергісі келген жандарға шәкіртақы да тағайындалып отыр. Оқу орталығын тәмамдаған түлекке тұрақты жұмыс та қарастырылмақ.
Оңтүстікте IT Start мекемесі ұсынған бұл жобаның жүзеге асқанына көп уақыт болған жоқ. Осы жылдың сәуір айында қолға алынған. Әзірге мұнда 30 адам білім алып, ІТ саласы бойынша сауатын арттыруға көшкен. Бастысы, жаңа технологияны меңгеруге құлықты жандарға шектеу жоқ. Жас ерекшелігі де ескерілмейді және оқу шығынын толығымен мемлекет қаржыландырады.
«ІТ старт» мекемесінің жобалық уақыты, яғни, ІТ жаңа технологияны жаттап-меңгеру мерзімі — 3 ай. Енді осы тоқсан күннің ішінде жерлестеріміз айтулы саланы, заманауи техникалар мен сан түрлі бағдарламаларды меңгеріп шығады. Ең бастысы, тұрақты жұмыс іздеп сабылмайды. Жоба жетекшілерінің айтуынша, түлектерді жұмыспен қамтуды өз мойындарына алған.