ОҚО: Биыл араздық тудыру және терроризм ісімен 17 адам сотталды

0
1 265

ОҚО соттарында қазіргі кезде 7 адамға қатысты осыған ұқсас 4 қылмыстық іс қаралып жатыр.


ОҚО: Биыл араздық тудыру және терроризм ісімен 17 адам сотталды

2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ұлт араздығын қоздыру және терроризмге қатысты бабтар бойынша 17 адамға қатысты сот үкімі шыққан. Бұл туралы облыстық сотта өткен брифингте судья Бүркіт Байдуллаев мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Діни алауыздықты қоздыратын материалдар таратқаны үшін 8 адам бас бостандығынан айырылған. ҚР ҚК-тің 233-ші бабының «Терроризмдік топ құру және оны басқару, оның қызметіне қатысу» бойынша 1 адам бас бостандығынан айырылған.

Тағы 8 адамға қатысты ҚР ҚК-нің 256 -шы бабының 2-ші бөлігі «БАҚ мен телекоммуникация желілерін пайдалана отырып терроризмді насихаттау» бойынша сот үкімі оқылып, заңды күшіне енген.

ОҚО соттарында қазіргі кезде 7 адамға қатысты осыған ұқсас 4 қылмыстық іс қаралып жатыр.