ОҚО: былтыр Арыс сотына неке бұзу туралы 142 арыз түскен

0
2 518

2018 жылдың 3 айында неке бұзу туралы 32 азаматтық іс аяқталып, оның ішінде 7 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылып, 1 азаматтық іс партисипативтік тәртіпте тоқтатылған.


ОҚО: былтыр Арыс сотына неке бұзу туралы 142 арыз түскен

Бұл туралы Арыс аудандық сотында қорғаушылардың, кәсіби емес медиаторлардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Неке бұзу істерінде медиация және партисипативтік келісімдерді бекіту» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында айтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дөңгелек үстелде баяндама жасаған судья Гүжан Ерназарова келтірген дерекке сүйенсек, 2017 жылы Арыс аудандық сотында неке бұзу туралы 142 азаматтық істі қаралған. Оның 27-сінде іс медиация тәртібімен тоқтатылған.

2018 жылдың 3 айында неке бұзу туралы 32 азаматтық іс аяқталып, оның ішінде 7 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылып, 1 азаматтық іс партисипативтік тәртіпте тоқтатылған.