ОҚО-да ұрылардың 8 қылмыстық тобы ұсталды

0
1 264

Кентаулық полиция қызметкерлері жоғарыда аталған қылмыстық топтармен жалпы орын алған қылмыстардың 36 дерегін әшкерелеп, заңды шаралар қабылдаған.


ОҚО-да ұрылардың 8 қылмыстық тобы ұсталды

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдарда орын алған ұрлық қылмыстарын, соның ішінде пәтер, гараж, аккумулятор, сондай-ақ мал ұрлықтары бойынша бірқатар жұмыстар атқарып, нәтижесінде қылмыстық 8 топты құрықтаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кентау қаласы мен оның ауылдарында орын алған аккумулятор ұрлықтарына қатысы бар құрамы 5 адамнан құралған қылмыстық топты қолға түсірген. Күдіктілердің барлығы 18-20 жас аралығындағы жергілікті тұрғындар және олардың аккумулятор ұрлығының 8 дерегіне қатыстылығы анықталған.

Сонымен қатар пәтер және гараждардан ұрлау деректері бойынша құрамы 2 және 3 адамнан құралған үш қылмыстық топ қолға түскен. Олардың аталған бағыттағы ұрлық қылмысының 12 дерегіне қатыстылығы анықталған.

Сондай-ақ, пәтерден, гаражадан және мал ұрлығымен шұғылданып келген құрамы1 және 2 тұлғадан құралған төрт қылмыстық топ құрықталған. Олар 20 мен 30 жас аралығындағы жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғындар.

Кентаулық полиция қызметкерлері жоғарыда аталған қылмыстық топтармен жалпы орын алған қылмыстардың 36 дерегін әшкерелеп, заңды шаралар қабылдаған.

Кентау ҚІІБ қызметкерлерінің жыл басынан бері дамылсыз атқарып жатқан жұмыстары өз нәтижесін беріп,зардап шеккен бірқатар жәбірленушілердің заңды мүліктері қайтарылған.