Ұсталған күдіктілер ұрлық әрекеттерін, жылқылардың жайылымда қараусыз жүрген кезде іске асырған.
Ағымдағы жылдың 24 сәуірі күні ОҚО ІІД Сарыағаш АІІБ-на жергілікті тұрғын арызданып, онда арқандаулы тұрған 1 бас жылқысын белгісіз азаматтардың ұрлап кеткенін көрсеткен. Сондай-ақ ертеңіне, яғни 25 сәуірде тағы бір жергілікті тұрғын жайылымдағы 2 бас жылқысының жоғалғанын айтып полицияға шағымданған, деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.
Орын алған деректер бойынша Сарыағаш АІІБ-ның қызметкерлерінен жедел –іздестіру тобы құрылып, жан-жақтама іздеу жұмыстары қолға алынған. Нәтижесінде ізі суымай жергілікті екі жас жігіт анықталып ұсталды.
Ұсталған күдіктілер ұрлық әрекеттерін, жылқылардың жайылымда қараусыз жүрген кезде іске асырған. Полиция қызметкерлері қазіргі таңда күдіктілердің басқа да ұрлық деректеріне қатысы бар-жоқтығын тексеру үстінде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оңтүстікқазақстандық полицейлер тұрғындарға жайлымда жүрген малдарды қараусыз қалдырмауды, мал ұстайтын қоралардағықауіпсіздік шараларын реттеуді, міндетті түрде әрбір малға таңба мен ен салуды ескертеді.
Ал егер, мал ұрлығы орын алған жағдайда жедел түрде полицияға хабарлау, күдіктілердің ізін суытпай қолға түсіп, ұрланған малы заңды иелеріне қайтаруға көмегін тигізеді.