ОҚО: Үш түйені ұрлаған 3,5 жыл шартты жазаға кесілді

0
1 566

Сотта анықталғандай, сотталушы Арыс ауданы, Монтайтас ауылында жайылымда жүрген жәбірленуші үш бас түйені жасырын ұрлап, нәтижесінде жәбірленушіге 1 500 000 теңгеге материалдық шығын келтірген.


ОҚО: Үш түйені ұрлаған 3,5 жыл шартты жазаға кесілді

Арыс аудандық сотының Монтайтас ауылында көшпелі сот отырысы өтті. Көшпелі отырыста қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ облыстық сотттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Істі аудандық сот төрағасы Ақылбек Ертаев қарады. Сот отырысына прокурор, сотталушы, жәбірленуші, адвокат, ақсақалдар, кәсіби емес медиаторлар және ауыл тұрғындары қатысты.

Сотта анықталғандай, сотталушы Арыс ауданы, Монтайтас ауылында жайылымда жүрген жәбірленуші үш бас түйені жасырын ұрлап, нәтижесінде жәбірленушіге 1 500 000 теңгеге материалдық шығын келтірген.

"Соттың үкімімен сотталушы С.А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-тің 63-бабын қолданып, тағайындалған жаза шартты деп танылды",-делінген хабарламада.

Сот отырысы аяқталғаннан кейін сот төрағасы А.Ертаев көшпелі сот отырысына қатысқан азаматтармен пікір алмасып, шығарған үкімнің негіздерін түсіндірді.

Судья көшпелі сот отырысын өткізудің басты мақсаты халық арасында осы тектес жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтың орын алуының алдын алу, сотталушылар жасаған қылмыстары үшін айыбын қоғам алдында сезініп, өздеріне тиісті нәтиже шығару екенін айтып өтті.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.