Аймақ басшысы Нұрсәт мөлтек ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен және абаттандыру жұмыстарымен танысты. Жалпы облыста «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 2018 жылы жалпы аумағы 730,0 мың шаршы метрді құрайтын көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бүгінде қаржыландырудың барлық көздері арқылы облыста 236 көпқабатты үйлердің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 88 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» көліктік - логистикалық орталығы мен Нұрсәт мөлтек ауданында болып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Аралау барысында аймақ басшысы алдағы уақытта жүзеге асырылуы тиіс жобаларды атап, жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеді,- деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдымен облыс әкімі «Оңтүстік» көліктік - логистикалық орталығында жаңадан салынған «Continental Logistics Shymkent» ЖШС-нің қоймалық кешенінің жұмысымен танысты. Заманауи құралдармен жабдықталған қойма әкімшілік ғимаратпен, контейнер терминалымен, кедендік бақылау аймағы және тиісті инфрақұрылыммен қамтылған. Жоба жылына 1 млн. тонна тауар сақтауға қауқарлы.
«Оңтүстік» көліктік - логистикалық орталық аумағынан Кедендік рәсімдеу орталығын құру жоспарланған. Бүгінде темір жол тартылып, жүк көліктерінің кіріп-шығуына барлық жағдай жасалған.
Аймақ басшысы Нұрсәт мөлтек ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен және абаттандыру жұмыстарымен танысты. Жалпы облыста «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 2018 жылы жалпы аумағы 730,0 мың шаршы метрді құрайтын көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бүгінде қаржыландырудың барлық көздері арқылы облыста 236 көпқабатты үйлердің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 88 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Ал, Шымкент қаласында 167 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен оның 65-і пайдалануға ұсынылады.
Өңір басшысы аялдаған «Тассай» индустриялды аймағы 2016 жылы құрылған. Алдағы 2 жыл ішінде инустриялды аймақта жалпы құны 37 948,1 млрд. теңгені құрайтын 25 жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде 1631 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Қазіргі таңда мұнда 4 жоба іске қосылып, 200-ге тарта азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.
Өндіріс орындарының жұмысымен танысып шыққан облыс басшысы жұмысты бұдан да жүйелендіре түсу керектігін тапсырды. Яғни, индустриялды аймақтағы кәсіпорындардың өнім көлемін арттыру үшін барлық жағдай жасалу керек деді.