​Парламент Мәжілісі депутаттары Сайрам аудандық партия активімен кездесті

0
1 548

Кездесуге партия белсенділері, атқарушыбилік өкілдері мен құқық қорғау мекемелерінің басшылары, сондай-ақ, қоғамдық ұйымжетекшілері менбұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.


​Парламент Мәжілісі депутаттары Сайрам аудандық партия активімен кездесті

Арнайы іс-сапармен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Маханбетов МансұрханМаханбетұлы мен Қаныбеков Сәкен Әсембекұлы және Звольский Сергей Адамович, Жолдаудың негізгі басымдықтарын тереңірек түсіндіру мақсатында Түркістан облысының Сайрам аудандық партия активімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесу барысында Сәкен Қаныбеков оңтүстік өлкесіне арнайы Жолдауды түсіндіру мақсатында іс-сапармен келгенін, халықтың түрлі сұрақтарына жауап беріп, мұң-мұқтажын тыңдап, жауапты органдарға жеткізетінін және мәселенің шешімін табуға атсалысатынын атап өтті.

-Бүгінгі таңда мәжіліс депутаттары, фракция мүшелері халыққа Жолдауды кеңінен насихаттап, түсіндіру мақсатында арнайы жұмысшы топ құрып, күнделікті ауыл-аймақтар мен мекеме, зауыттарда тұрғындармен, жұмысшылармен, жастармен кездесіп, сұхбаттасып жатырмыз. Түрлі мәселелер мен ұсыныс-пікірлер тыңдалып, шешімін табуға атсалысудамыз. Елбасымыз атап өткендей, халықтың әл-ауқатын жақсарту қазіргі басты мақсатымыз, - деді депутат.

Кездесуде сонымен қатар, Жолдауды жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалып, «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалының 2017-2018 жылдары атқарылған жұмыстары туралы аудандық филиалдың бірінші орынбасары Мария Қалыбаеваның есебі тыңдалды.

Сондай-ақ, Сайрам аудандық филиалының Саяси кеңесі сайланып, Түркістан облыстық филиалының XXXV конференциясына делегеттар сайланды.

Айта кету керек, Түркістан облысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын кеңінен талқылап, насихаттау мақсатында аудан, қалаларда түрлі кездесулер мен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.