Праймеризге қатысушылар бойынша Түркістан көш бастады

0
1 105

16 аудан, қалада 1144 үміткер тіркелді.


Праймеризге қатысушылар бойынша Түркістан көш бастады

"Nur Otan" партиясының праймеризінің алғашқы кезеңі аяқталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елімізде "Nur Otan" партиясының праймеризінің алғашқы кезеңі аяқталды. Екі аптадай уақытқа созылған тіркеу кезеңінде Қазақстан бойынша 10990 үміткер тіркелді.

Өздеріңіз білетіндей, бұл праймериз Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен тұңғыш рет өтіп жатыр. Партияны жаңғырту бағытында қолға алынған саяси бәсекені қоғам оң бағалап отыр.

Сонымен, республика бойынша тіркелген үміткерлердің 36,9% — әйелдер, 29,6% – 35 жасқа дейінгі жастар. Қатысушылардың орташа жасы 43 болуының өзі бұл праймеризде жастар көп бақ сынағанын аңғартады.

Түркістан облысындағы 16 аудан, қалада 1144 үміткер тіркелді. Бұл — республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Алматы облысында - 1108 , Шығыс Қазақстанда - 1054 үміткер бар. Бұл туралы "Nur Otan" партиясының Түркістан облысы бойынша филиалының төрағасы Бейсен Тәжібаев жария етті.

«Әсіресе,облысымызда жастардың белсенділігі жоғары. Өңірде 341 (29,8%) жас өрен тіркелді. Ханымдар қауымынан 388 (33,9) үміткер тіркеуден өтті. Енді 7 қыркүйекте үгіт-насихат кезеңі басталады. Ал 14-30 қыркүйек аралығында үміткерлер өзара пікірсайысқа түседі”, - делінген Бейсен Тәжібаевтың мәлімдемесінде.