Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері ОҚО-ның белсенді жастарымен кездесті

0
2 692

Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР Президенті жанындағы жаста рсаясаты жөніндегі кеңес мүшелері өңірдегі белсенді жастармен «Open Talks»форматында бірнеше кездесу өткізді. Кеңес мүшелері 4 топқа бөлініп, студент, жұмысшы, спортшы және кәсіпкер жастармен кездесті.


Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері ОҚО-ның белсенді жастарымен кездесті

ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР Президенті жанындағы жаста рсаясаты жөніндегі кеңес мүшелері өңірдегі белсенді жастармен «Open Talks»форматында бірнеше кездесу өткізді. Кеңес мүшелері 4 топқа бөлініп, студент, жұмысшы, спортшы және кәсіпкер жастармен кездесті.

Әуелгі топ облыстық жастар ресурстық орталығында түстік өңірдің белсенді студенттерімен кездесті. Басқосуда ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Д.Кәлетаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ә.Сүйіндікова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі А.Аймағамбетов, «Қазақстан студенттер альянсы» республикалық студенттер қозғалысының көшбасшысы І.Түстікбаев, «Қазақстан» телеарнасының жүргізуші И.Тен және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабының жетекшісі Т.Болысов қатысып, баяндама жасады. Сондай-ақ, жиын барысында кеңес мүшелері мен студент жастар арасында екі жақты талқылау өтіп, пікір алмасты.

Келесі топ «Оңтүстік» индустриалды аймағындағы «Бал Текстиль» кілем зауытында жұмысшы жастармен жүздесті. Онда ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А.Нүкенов, ҚР Энергетика вице-министрі М.Досмұхамбетов, «Жастар» ғылыми зерттеу орталығының директоры Т.Қалиев, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Д.Сүндетбаев қатысты. Шара аясында кеңес мүшелері өндіріс орнының жұмысымен танысып, жас жұмысшылармен ой бөлісті.

Кейінгі топ Шымкент қаласында №5 бокс мектебінде спортшы жастармен дидарласты. Онда ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Төкежанов, ҚР Күрес ассоциасының вице-президенті Ю.Мельниченко, «Ұлттық еріктілер желісі» ұйымының төрайымы В.Ким қатысты. Мұнда еліміздің әлем бойынша спорттағы үздік жетістіктері сөз болды. Мемлекетіміздің абыройын асқақтатуда болашақ спортшыларымызға артылар жүк те ауыр екендігі айтылды. Кеңес мүшелері жас сайыпқырандарға байрақты жеңістер тіледі.

4-топ «Атамекен» ҰКП ғимаратында аймақтағы жас кәсіпкерлермен кездесті. Басқосуға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Б.Дүйсенбинов, ҚР Қаржы вице-министрі Б.Шолпанқұлов, «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының төрағасы М.Манкеев, «CenterAsia Group» холдингінің өндірістік директоры О.Сүлейменов, «BMG» компаниялар тобының негізін қалаушы Ж.Маратов қатысты. ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері жас кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулармен таныстырып, өңірдегі жас кәсіпкерлермен ой бөлісті.

дереккөз: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі