РЕФЕРЕНДУМ: Түркістан облысында “Отбасымызбен дауыс береміз” акциясы өтуде

0
260


РЕФЕРЕНДУМ: Түркістан облысында “Отбасымызбен дауыс береміз” акциясы өтуде

ERNUR.KZ. Түркістан облысында «Отбасымызбен дауыс береміз» акциясы аясында көпбалалы жанұялар референдумға қолдау білдіріп, дауыс беруде. Арыс, Кентау қалалары мен Жетісай, Қазығұрт, Келес, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Сарыағаш, Сауран, Созақ, Түлкібас аудандарында ел келешегі үшін маңызды шешім қабылданар науқанға қолдау білдіріп, отбасының барлық мүшелері дауыс беруге келді.


Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруші бар. Өңірде 945 дауыс беру учаскесі белгіленіп, 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеуде. Сондай-ақ, 167 ауылдық елді мекенде тұрғындарды тексеру үшін жылжымалы медициналық пункттер жұмыс істеп тұр.