Сайрамдық тұрғын өз үйінде бір кісіні пышақтап өлтірді

0
1 334

Қазір қанды оқиғаның мән жайы анықталуда.


Сайрамдық тұрғын өз үйінде бір кісіні пышақтап өлтірді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысыСайрам ауданында 34 жастағы ер адам өз үйінде кісіні пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қаңтардың алтысынан жетісіне қараған түні 1984 жылы туған ер адам үйінде асхана пышағымен 35 жастағы ер адамды бірнеше жерінен жарақаттаған. Алған ауыр дене жарақаттарынан 1983 жылы туған ер адам оқиға орнында жантәсілім еткен. Өз шаңырағында қолын қанға малыған күдіктіні тәртіп сақшылары құрықтап, оған ҚР ҚК НІҢ 99 бабының бірінші бөлігі бойынша,яғни қасақана кісі өлтіргені үшін айып тағылды.

Тергеу кезінде күдіктіні екі мерзімге темір торға тоғытып,күзетпен бұлтартпау шарасын қолдану туралы Сайрам аудандық сотының санкциясыберілді. Қазір қанды оқиғаның мән жайы анықталуда.