Сенатор аудандағы ауылшаруашылығы мен құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстарды шолып өтті
ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты жұмыс сапарымен Түлкібас ауданына келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысы Түлкібас ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты А.Бейсенбаев жұмыс сапарымен келді. Арнайы іссапармен өңірге ат басын бұрған Сенатор аудандағы ауылшаруашылығы мен құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстарды шолып өтті.
Атап айтар болсақ, ауданымыздың ірі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің бірі «Мөлдір» ЖШС-нің алма бау мен бидай алқабы және «Құлый» магистралді каналының қазіргі жағдайымен танысып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан Түркібасы әулесінің аумағын аралады.
Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аудан орталығындағы соғылып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысына тоқталып, аудан аумағынан өтетін «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автодәлізінің Шақпақ ауылындағы тунельдің құрылысының жұмыс барысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.