Көше бойындағы талдар суғарылып, ирригациялық жүйелер тазаланды.
Шардаралықтар сенбілікте тұрғын үй аулаларын тазалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру аясында аудан әкімі А.Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, Шардара қаласының шағын мөлтек аудандарында, тұрғын үйлер аулаларында ретсіз өскен шөптер мен қоқыстар арнайы полигонға жеткізілді. Сондай-ақ көше бойындағы талдар суғарылып, ирригациялық жүйелер тазаланды.
Тазалық шарасына қала тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жалпы 300-ге жуық адам, 6 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 18 көше бойынан 8,2 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.