Шымкент қалалық мәслихат хатшысы орыс жігітіне неге күлді

0
2 131

Жас тұрмақ жасамыстың да басын ауыртқан баспана мәселесі жайлы сөз қозғап, баяндамасын «Үйі жоқтың күйі жоқ» деп сол еді, қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров мырзаны күлкі қыссын.


Шымкент қалалық мәслихат хатшысы орыс жігітіне неге күлді

ERNUR.KZ. Сенат депутатымен кездесуге барынша дайындалып келгендердің бірі Мирас университетінің ІІ курс студенті Святослав Ковченко еді. Мінберге шығып, жастарды толғандырған кей жағдайларды қазақшасы жеткенше баяндауға тырысты.

Жас тұрмақ жасамыстың да басын ауыртқан баспана мәселесі жайлы сөз қозғап, баяндамасын «Үйі жоқтың күйі жоқ» дегені сол еді, қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров мырзаны күлкі қыссын. Әйтсе де шенеуніктің эмоциясында мемлекеттік тілді ғана емес, қазақтың фольклорын да меңгеруге тырысқан орыс жігітінің талпынысына ризалығы байқалып тұрды.

Қызара бөртіп мінбеден түсіп бара жатқан Святославқа қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, "қазақша сөйлегенің жақсы, бірақ біршама дайындалуың керек" деп тапсырма берді.